Министрлік өкілі қызылша ауруының таралу жағдайына түсінік берді
«Қызылшаны жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр. Былтыр және биыл тиісті іс-шаралар іске асырылды, яғни 1,4 млн адамға екпе салынды. Балалар вакцина алды. Сонымен қатар, жоспарлы вакцинациялар ескерілген. Мұның бәрі қызылшаға қатысты жағдайдың оңалуына ықпал етті», - деді А. Есмағамбетова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Вице-министр аурудың тарау қарқыны қаншалықты бәсеңсігенін айтты.
«Егер қызылша ауруының тарау деректеріне тоқталсақ, ең көп тараған кез желтоқсан айы болды. Қазір қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші ай сайын орта есеппен 30 пайызға төмендеп келеді. Ал былтырғы желтоқсан айымен салыстырсақ, 2,2 есеге төмендеді», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 мамыр 2024