Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Шинель» қуыршақ театрында алғаш рет қойылды

almaty-akshamy.kz

«Шинель» қуыршақ театрында  алғаш рет қойылды

Көрікті келбетімен ғана емес, қуыршақ өнерінде озық бағытымен ерекшеленетін Грузияның астанасы – Тбилиси қаласынан арнайы шақыртылған режиссер Николоз Сабашвили әйгілі классик жазушы Николай Гогольдің «Шинель» повесін театр төрінде қуыршақ бейнесімен жаңаша форматта көрерменге тарту етті.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сонымен қатар, жасөспірімдер мен ересектерге де арналған қойылымдар сахналауды жұмыс тәжірибесіне енгізген болатын. Нәтижесінде әлемдік және отандық үздік әдеби және драматургиялық шығармалардан таңдалған жаңаша форматтағы «Ана жүрегі», «Ана – Жер ана», «Ромео мен Джульетта», «Макбет. Иллюзия», «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай», «Өмір-өзен», «Шал мен теңіз», «Чемпион» қойылымдары өнер ордасының тұратқы репертуарына енді.

Премьерасы болған «Шинель» қойылымы да өзіндік өзгеше режиссерлік шешімімен, терең философиялық астарымен, айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болды. Қойылымның режиссері әрі суретшісі – Николоз Сабашвили, балетмейстері – Ринат Билибаев. Аталмыш қойылымның басты рөлін қуыршақ театрының талантты әрі белді артисі Шохан Құлназаров сомдады.

Режиссер, актер, педагог, Грузия қуыршақ театрлар бірлестігінің басшысы Николоз Сабашвили «Шинель» қойылымы жайында пікір білдіріп, Алматыдан алған әсерімен бөлісті.

«Барлығы да шығармашылық пікірлер мен жаңа идеяларға деген қызығушылық нәтижесінде туған достықтан басталды деп айта аламын. Бұл сапар менің әсем Алматыға келген үшінші тәжірибем. 2023 жылы мен «Ортеке» қуыршақ театрлар фестивалінде Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының директорымен танысқан болатынмын. Бірлескен жоба дайындау турасында бірқатар пікірлер айтылып, Грузия қуыршақ театрлар бірлестігі мен Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Араға бір жыл салып, жолым әсем Алматыға қайта түсіп отыр. Қонақжай да дархан пейілді қуыршақ театры мені өте жылы қабылдады. Өзіңді еркін әрі жайлы сезінген ортада шығармалық та оңай әрі қызықты өрбиді деп есептеймін. Мен қойылым сахналауға келіскен сәттен дұрыс таңдау жасағаныма күмәнданған емес. Нәтижесін патша көңілді көрермен бағалай жатар», – деді режиссер.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024