Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құран тағы да өртелді

almaty-akshamy.kz

Құран тағы да өртелді

Стокгольмда кезекті акция кезінде шведтік белсенді Джейд Сандберг Құранды өртеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

Vesti.ru сайтының жазуынша, Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.

Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.

Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.

Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні "Евровидение" музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024