Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Қазақстан халқы бірлігі күні қалай өтті?

almaty-akshamy.kz

Алматыда Қазақстан халқы бірлігі күні қалай өтті?

Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін БҚО-ға іссапармен жіберілген еріктілерге, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдіпді.

Қала басшысының атынан алғыс хат алғандар:

Концерттік бағдарлама «ЖасStars» тобының орындауындағв «Ұлы жер» композициясы ашты. Көрермендер үшін этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары болды: Агугай ансамблі, «Дервиши» тобы, Анжелика Шағарова, «Наири» ансамблі, «Қазан нұрлары» ансамблі (Татарстан), «Узбегим» ансамблі (Өзбекстан), Руми және Янис, «Бахар» кавказ би ансамблі, «Эламан» дуэті (Қырғызстан), Роман Ким және МузАрт тобы.

Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастро фестиваль өтті. 10-нан астам ресторатор қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр асханасының ұлттық тағамдарын ұсынды. Қаражат су тасқынының салдарын жою пайдасына «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылады.

Мерекелік бағдарлама Maxi Fest қайырымдылық концертімен жалғасты. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары: Айқын, Qanay, Ayreе, Кешю тобы, Илхан Ықсан, Бекзат Кунанбай, Сиситай, Азия тобы, Артур Давлетияров, Әйгерім Қалаубаева, Ұланғасыр Қами және АLPHA тобы.

Сондай-ақ, мерекелік шаралар қаланың барлық ауданында да өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024