Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Кенесарының басы оңай жерде тұр»: Жанат Бақыт жынданып кетпегенін айтты

paryz.kz

«Кенесарының басы оңай жерде тұр»: Жанат Бақыт жынданып кетпегенін айтты

Оның айтуынша, қазіргі өмірі қалыпты.

«Мен 5 парызды ұстанбаймын, намаз оқымаймын. Намаздың мәнін түсіну керек. Оны оқып жүрген адамдардың көбі намаздың мәнін түсінбейді. Намаз — Құдаймен оңаша қалып сырласуың, ақтарылуың. Бірақ адамдардың 90% оны парыз деп есептейді. Намаз оқымасам, күнәһәрға айналамын, исламнан шығып кетемін деген қорқынышпен оқиды. Бұл — дұрыс емес. Сенің қазір Құдайға сеніп отыруыңның өзі намаз деп ойлаймын. Мен жынданып кетпедім. Ойым мен санам орнында», - деді ол.

Сонымен қатар Кенесары ханның басына қатысты қауесетке де нүкте қойды.

«Бізге Кенесары ханның басы оңай жерде деп көрсетіп тұр. Бірақ әзірге жоспар бойынша табылмауы керек деді. Егер ол табылатын болса, халық бірден «Жанат молодец» дейді, «мүмкін президенттің алдында отыратын шығарсың, ал мына жұмыстарды кім істейді?» деп жатыр. Сол үшін тарихты зерттеп, адамдар толық түсіну керек, жоспар бар деп тұр. Жерде Кенесарының туған-туыстары бар екен. Солар бізге келіп көптеген ақпараттар беріп жатыр», - деді Жанат Бақыт.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 мамыр 2024