Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 600 есірткі ресурсы бұғатталды

almaty-akshamy.kz

Алматыда 600 есірткі ресурсы бұғатталды

Алматы полициясы 600 есірткі ресурсын бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Нашақорлықтың алдын алу – Алматы полициясы қызметінің өзекті бағыты. Есірткі қылмысымен күресушілер өткен жылы 420 профилактикалық іс-шара өткізген.

– Азаматтар мен еріктілердің белсенділігінің арқасында бетбелгі қоюшыларды әшкерелеу, есірткінің таралуы туралы ақпарат бар граффити жазбаларды анықтау және бояу бойынша бірлескен жұмыс жақсарғанын атап өткім келеді. Өткен жылы барлығы 8 мың 540 граффити-сурет анықталды және боялды. Осы суреттерді салғаны үшін 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар біздің бөлімшенің қызметкерлері тыйым салынған контенті бар 597 сайтты бұғаттау үшін ақпарат жіберді. Бұл ресурстардың жастар арасында танымал болуы алаңдатады. Сондай-ақ қызметі қылмыстық сипатта болуы мүмкін 5 интернет-есірткі дүкенін назарға алдық, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ спикер, бүгінде нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуда көрнекі платформалар белсенді түрде қолданылып жатқанын айтты: 8 метро станциясының 42 мониторында және қоғамдық орындарда орналасқан 72 LED-экранда анонимді сенім телефоны (WhatsApp 8-705-549-70-25) бар әлеуметтік роликтер көрсетіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024