Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Өліп қала жаздадық" Д.Бадықова мен О.Абай неге күзетпен жүргенін айтты

newsroom.kz

Өліп қала жаздадық Д.Бадықова мен О.Абай неге күзетпен жүргенін айтты

Жақында ғана "Таптым-ау сені" толықметражды фильміне түскен актриса Дариға Бадықова мен Олжас Абай мейрамханаға не үшін күзетпен жүргенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Ақ пен Қара" подкастына сілтеме жасап.

Өнер иелері Атыраудағы тойға күзетпен кіріп, халық олардың бұл әрекетін сынға алған еді.

Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер» демедік. Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек иә. Мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Оны екі түрлі бағытта шығарған. «Батыс жабайы» деп. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы жанашыр, - дейді Дариға Бадықова.

Олжас Абай күзетсіз өліп қала жаздағанын айтты.

Дариғаның шашынан жұлып, көп адам қысылып қалды. Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Біреуінде күзетсіз болғанда «өліп қала» жаздадық. Бірінен шығып, біріне үлгермей жаттық, - дейді Олжас Абай.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2024