Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті
Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27. Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі.
Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын.
ММА-дегі статистикасы — 19-2. Оның жеңістер сериясы қазір — 15 жекпе жек.
32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген.
Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
3 мамыр 2024