ШҚО-дағы екі мектепте карантин жарияланды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты екі мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оқушылар арасында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсуіне орай № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланды» деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі. Бұған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша, карантин жариялау туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, карантин әзірге қаңтар айының аяғына дейін жалғасады. Талғатжан Мұхаметбекұлы
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
22 қыркүйек 2026
22 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар