Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ертеңнен бастап Шымбұлақ ашылады

baq.kz

Ертеңнен бастап Шымбұлақ ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Шымбұлақ тау шаңғысы курорты мамырдың 25-інен бастап ашылуы мүмкін. Бұл туралы туристік нысанның Іnstagram парақшасында жарияланды. Достар, жақсы жаңалық! Біз жазғы маусымның ашылуына дайындалып жатырмыз. Алдын ала дерек бойынша 25 мамырда ашыламыз. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет бәріміз дүйсенбіні асыға күтіп жүрміз, - делінген парақшада. Сонымен қатар, жазғы маусымда Шымбұлақтағы аспалы жолдардың жұмыс уақыты белгіленді. Айта кету керек, коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе нысандарын 17 наурызда жапқан болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024