Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлемдік брендтерді қолдан тіккен қазақстандық «Adidas» компаниясына 19 млн теңге залал келтірді

azattyq-ruhy.kz

Әлемдік брендтерді қолдан тіккен қазақстандық «Adidas» компаниясына 19 млн теңге залал келтірді

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Adidas», «Nike» және «Reebok» тауарлық белгілерін заңсыз пайдаланған тұрғынды анықтады. «Қазақстанның 1982 жылғы азаматы жалған спорт аяқ киімдерін қолдан жасаған, сол арқылы «Аdidas AG» (Германия) және «Аdidas International Marketing BV» (Нидерланды) компанияларына 19 млн теңге сомаға залал келтірген», - делінген хабарламада. Тінту барысында қоймадан танымал компаниялардың түпнұсқа үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі анықталып, тәркіленді. Аталған факт бойынша облыс тұрғынының үстінен Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024