Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мексика Кариб теңізіне шығатын жағажайларын ашты

24.kz

Мексика Кариб теңізіне шығатын жағажайларын ашты

Мексика шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр. Қазір Кариб теңізі жағажайлары ашылды. Демалыс орындарында шетелдіктер қарасы да біртіндеп көбейіп келеді.Саяхатшылар коронавирусқа шалдықпауы үшін жаңа ережелер енгізілген. Жағажайлар мен қонақүйлер жиі-жиі тазаланып, дезинфекцияланып тұруы тиіс. Туризм Мексика жалпы ішкі өнімінің 8,7 процентін құрайды. Бұл салада 4,5 миллион адам жұмыс істейді.Ал ресми дерекке сәйкес, Мексикада індетті жұқтырғандардың саны 140 мыңнан асқан.Маршалл Сно, америкалық саяхатшы:- Мұнда отбасыммен келдім. Бәрі керемет. Тазалау жұмыстары көп жүргізіліп жатқаны ұнады. Демалушылар да аз. Өзімді толықтай қауіпсіз сезінемін.