Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ДСМ: Қазақстанда пневмонияға шалдыққан, ПТР нәтижесі теріс 28 мың адам ауруханада емделіп жатыр

azattyq.org

ДСМ: Қазақстанда пневмонияға шалдыққан, ПТР нәтижесі теріс 28 мың адам ауруханада емделіп жатыр

Қазақстан ауруханаларында пневмонияға шалдыққан, бірақ ПТР талдауы теріс нәтиже берген 28 мың науқас емделіп жатыр. Бұл туралы бүгін, 7 шілде күні орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният хабарлады.“Бүгін (7 шілде) ел бойынша стационарларда ПТР нәтижесі теріс пневмониямен 28 мың науқас емделіп жатыр. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр. Cолардың ішінде 330 науқастың жағдайы ауыр” деді Ажар Гиният.Вице-министр сондай-ақ стационарларда ПТР нәтижесі теріс, жедел респираторлық вирустық инфекция немесе басқа тұмау ауру деген диагнозбен 4 мыңнан астам науқас барын айтты.Осы күнге дейін Қазақстанда 49 683 адамнан коронавирус анықталған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024