Қаладан шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Сайрамдағы тұрғындар енді КТ аппаратына түсу үшін орталық ауруханаға келіп сабылмайтын болды. Медициналық ұйымға орнатылған қондырғы арқылы дәрігерлер ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілетін науқастарды диагностикалық тексеруден өткізіп, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, медицина мамандары КТ-ны қолдана отырып азаматтарды жоспарлы тексеруден өткізбек. Айта кетейік, №3 қалалық аурухана көп салалы болғандықтан мұнда 56 орындық перзентхана бар. Медициналық ұйымда балалар, хирургия, терапия, неврология, реанимация сынды бөлімшелер жұмыс істейді. Биыл наурыз айында ауруханада нейрохирургия бөлімін ашу жоспарлануда.
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
24 қыркүйек 2026
24 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар