Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда «Kinopark 4 Turkistan” кинотеатры жұмысын бастады

kz.otyrar.kz

Түркістанда «Kinopark 4 Turkistan” кинотеатры жұмысын бастады

Жалпы, Түркістан қаласындағы кинопарк ішінде 4 зал бар және жалпы саны 446 орынды құрайды. Рухани шаhардағы кинотеатрдың ерекшелігі – дизайнында. Ұлттық ою-өрнектермен көмкеріліп, этно стильде жасалған. Көрермендер күнделікті кестені kinopark.kz сайтынан білуіне болады. Ал, кинотеатрдың ресми ашылуы мамыр айына жоспарланып отыр. Қазірде Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, отыру орындарына 30 пайызға дейін толтырумен жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Сол себепті, келушілерден карантин режимі талаптарын сақтау сұралады. Одан өзге, “Khanshaiym Palaza” ішінен жуық арада “Funky Town” ойын-сауық орталығы да ашылатын болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024