Сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті
Ол жазбасында еліміз ерекше жануарларға бай екенін жазды. Солардың бірі – сібір тау ешкісі. Тұяқты жануар Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде камераға түсіп қалған. Самал Ибраеваның айтуынша, 2020 жылы парк аумағында таутекелерге санақ жүргізілген. Нәтижесінде, олардың саны 1 596 бас екен. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 сантиметрдей мүйізі болады, ал ешкісінің мүйізі 40 сантиметрдей. Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде фототұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылау жүргізіледі. Сібір тау ешкісінің видеосы желіде қызу талқыланды. Оның ірілігі мен мүйізі жұртты қайран қалдырды. А.ЖОЛДАС
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
24 қазан 2026
24 қазан 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар