Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген 3700-ден астам грант игерілмей қалған

paryz.kz

Ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген 3700-ден астам грант игерілмей қалған

2019-2021 жылдары ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша бөлінген 3 778 білім беру гранты игерілмеген. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтылған деп хабарлайды Paryz.kz. Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығы бағытында мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тапсырысы жыл сайын бөлінеді. 2021 жылы "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" мамандықтарына 2920 грант (2020 жылы – 2720 грант, 2019 жылы – 2482 грант) бөлінді. Бұл ретте, көрсетілген мамандықтар бойынша гранттар толық көлемде игерілмейді. Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары көрсетілген бағыттар бойынша игерілмеген білім беру гранттарының саны 3778 бірлікті құрады. "Серпін" жоба
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024