Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жыл басталғалы 14 бала тамақтан уланған

inform.kz

Алматыда жыл басталғалы 14 бала тамақтан уланған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көктем келісімен дүкен сөрелері түрлі жеміс-жидек, көкөністермен толатыны белгілі. Дегенмен, жылдың осы мезгілінде азық-түліктерді байқап тұтынған дұрыс. Неге десеңіз, ішек инфекциясын жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбаева айтып берді. - Тамақтан уланудың ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін түрлері бар ма? - Тамақтан уланудың негізгі екі себебі бар десе болады. Бірінші, ағзаның күнделікті тағам рационныан өзгеше тамақ өнімдеріне деген өзге реакциясы, екіншісі, бұзылған тағаммен адам ағзасына енуі мүмкін патогендік флора (бактериялар, саңырауқұлақтар), вирустар және токсиндер. Жалпы, жылы мезгілде тамақтан уланудың қаупі артады, өйткені, тағамды сақтау мерзімі азайып, бактериялар тез көбейеді. Көктем, жаз мезгілдерінде қауын, қарбыз, бүлдірген және т.б. тұтыну тамақтан уланудың қаупін тудыруы мүмкін. Тамыз айынан көктемге дейін консервіленген өнімдер мен маринадталған саңырауқұлақтарды тұтынған жағдайда, ботулизммен улану қаупі бар. - Адам өмірінде бұл жағдайлар қалай кездеседі, мысалын айтсаңыз? - Мысалы, дұрыс сақталмаған, мерзімі өткен немесе бүлінген тамақ өнімдерін тұтынған жағдайда, ескі, бактерия немесе зеңдермен ластанған тағамдарды дайындау үстінде, улы өсімдіктерді, жидектерді, жануарлардың мүшесінің бөліктерін жегенде, стафилококк тасымалдаушысымен дайындалған өнімдер және т. б. Ең бастысы, тамақ дайындағанда және тамақтану кезінде гигиена мен тағам дайындау технологиясын сақталмаған кезде кездеседі. - Алматыда көктем келгелі балалар мен ересектер арасында тамақтан уланудың жағдайы болды ма, саны қанша? - 2022 жылдың бірінші тоқсанында тағамдық токсикоинфекцияның 16 жағдайы тіркелді, оның оның ішінде 14-і бала. Ботулизмнің 8 жағдайы болды, оның ішінде 1 адам өлімі кездесті. Барлық науқастар консервіленген, баклажан, кабачки, сүт қоспасы, жұмыртқа және т. б. секілді сапасыз тағамдарды тұтынған. - Тамақтан уланудың салдарымен қалай күресуге болады? - Тамақпен уланған жағдайда, өзін-өзі емдеумен айналысу өте қауіпті. Ең бастысы көп уақыт өткізіп алмау керек. Себебі, қанға неғұрлым көп токсин түскен сайын, соғұрлым уланудың зардабы қатты болады. Саңырауқұлақпен уланудың барлық жағдайында дәрігерге қаралу қажет, өйткені, бұл улану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. - Тамақпен улануды алдын алу үшін не істеу керек? - Тамақтану алдында немесе тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау, яғни, қолды, ыдысты, жемістер мен көкөністерді мұқият жуу қажет. Ас үй гигиенасын үнемі ауыстырып отыру (сүлгілер, ыдыс-аяққа арналған губкалар). Краннан және басқа ластанған көздерден су ішпеңіз. Тамақ дайындау және тамақтану орындарында үнемі тазалық сақтау. Өнімдерді кулинарлық өңдеу ережелерін сақтаңыз. Тағамның иісіне, консистенциясына, түсі мен дәміне назар аударыңыз. Көгеріп кеткен өнімдерді тастаңыз. Ісінген пакеттер мен консервілерді, сондай-ақ, зақымдалған қаптамадағы өнімдерді жою керек. - Сұхбатыңызға рахмет.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024