Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау маңызды

almaty-akshamy.kz

Қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау маңызды

Күзетті лимфотүйіннің бипосиясы немесе Sentinel Lymph Node Biopsy (SLNB) – қатерлі ісіктің шекарасынан тыс қатерлі үдерістің таралуын анықтауға, яғни сүт безінің қатерлі ісігі кезінде лимфа түйіндерінде ең бастапқы, ерте процестерді (метастаздарды) анықтауға мүмкіндік беретін шағын инвазивті хирургиялық араласу. Мұндай қондырғы Алматылық онкологиялық орталықта орнатылғаны туралы маммология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Байділбеков айтып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күзетті (дабылды) лимфа түйіні- бұл аймақтық лимфалық бассейндегі бірінші лимфа түйін, ол арқылы лимфа бастапқы ісіктен шығып, ең алдымен, ісік жасушаларымен зақымданады. Кезінде сүт безі ісігін алып тастаған кезде, олардың метастазамен зақымданғаны анықтай алмағани себепті, оған жақын орналасқан барлық лимфа түйіндер де алынған. Лимфа түйінінің резекциясы кезінде күзетті түйінге немесе түйіндер тобына апаратын лимфа тамырлары кесіледі. Бұл лимфаның қалыпты ағынын бұза отырып, лимфа сұйықтығының қалыптан тыс жиналуына әкелді, бұл өз кезегінде ісінуге апарады. Лимфостаз науқаста зақымданған жерінде ауырсыну мен ыңғайсыздықты тудырады, ал айналасындағы тері қалыңдап қатаяды. Лимфедеманың даму ықтималдығы жойылған лимфа түйіндерінің санының ұлғаюымен болуы мүмкін. «Сүт безінің қатерлі ісігінде қолтық астындағы лимфа түйіндері жиі зақымдалады». Бұрын біз кеуде бұлшықеттеріне жақын жерде орналасқан барлық лимфа түйіндерімен қоса ісіктерді алып тастайтынбыз. Көбінесе лимфаны алып тастаған адамдарда кейіннен «шораяқ» ауруы дами бастады, басқа сөзбен айтқанда, біз өмір сүру салтына, қалыпты түрде қозғалуға күрделі кедергі келтіретін және психологиялық ыңғайсыздық тудыратын лимфалық ісіктер туралы айтып отырмыз. Енді осы жабдықтың көмегімен ісіктің жанындағы лимфа жүйесінің зақымданғанын анықтауға болады. Ол үшін ісіктің жанына арнайы зат енгіземіз, содан кейін арнайы жабдықты пайдалана отырып, осы заты бар лимфа түйінін табамыз. Дабылды лимфа түйіні табылғаннан кейін теріге кішкене тілік жасап, түйінді алып тастаймыз. Содан соң, патогистолог алынған күзетті лимфо түйінді ісік жасушаларының барына зерттейді. Егер де қатерлі ісік анықталса, хирург қосымша лимфа түйіндерін дереу алып тастай алады, егер жоқ болса, онда науқас лимфа жүйесіне ауқымды травматикалық араласудан аулақ болады, тек ісік жойылады», - деді маман. Серік Байділбековтың айтуынша, науқастан лимфа түйіндері неғұрлым аз алынып тасталса, ісік жойылғаннан кейін асқыну ықтималдығы соғұрлым аз болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024