Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Шарын» шатқалында туристер талабы орындалды ма?

alashainasy.kz

«Шарын» шатқалында туристер талабы орындалды ма?

Шарын шатқалында тізе бүгіп, тынығатын орын мен дәретхананың жоқтығы әлеуметтік желіде жиі талқыланады. Туристерді жауыннан қорғайтын қалқа керектігі де көтерілген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24». Былтыр сел жүруі салдарынан екі адам қаза тапқанда байланыс жүйесінің қажеттігі анық сезілді. Бұл өзекті мәселелер қалай шешіліп жатыр? Гүлмира Дәулетқалиева арқа төсінен Жетісу жеріне отбасымен бірге саяхаттап келген. Жол-жөнекей қасиетті мекен – Түркістанда, тарихи қала – Таразда болыпты. Енді, міне, табиғаттың таңғажайыбы – Шарын шатқалын да көрді. Гүлмира Дәулетқалиева, турист: – Керемет. Жағдай жақсы жасалған, керемет бәрі. Бәрі жақсы ұнады бізге. Тіпті бөпемен жүрміз. Отыратын орын, бәрі бар. Бірнеше жыл бұрын мақтайтын туристерден гөрі сынайтындары көп болған еді. Сыннан сабақ алған парк қызметкерлері санитарлық талаптарға сай дәретхана орнатқан. Арнайы мұнара тұрғызып, ұялы телефон және интернет байланысын жақсартты. Қауіпсіздік ескертпелері жазылған тақтайшалар да тұр. Ал былтыр қайғылы жағдайдан кейін метеостанция іске қосылды. Жауын-шашынды күндері және аптап ыстықта саялайтын демалыс орны әзірленді. Шыңғыс Қалиден, тілші: – 2018 жылы Шарын шатқалында жекеменшік көлікпен жүруге тыйым салынды. Содан бері туристер ақылы негізде, міне, мынандай арнайы жабдықталған көліктермен тасымалданады. Әзірге бұндай көліктердің үшеуі әрі-бері қатынап тұр. Болашақта оларды тағы бірнеше есеге арттыру жоспарланып отыр. Максим Акрамов, «Шарын шатқалы» МҰТП қызметкері: – Бір көліктің әрі-бері барып келгені 15 минут. Жиырма минутта қайтып келеді. Бір адамға бес жүз теңге. Жеті жасқа дейін балаларға тегін. Былтыр 34970 адам келді. Осы күнге дейін 9567 адам келді. Жыл сайын көбейіп жатыр адамдар. Паркке пандемия кезінде отандық туристер ғана келсе, эпиджағдай тұрақталғалы шетелдіктер де арнайы саяхаттайтын болған. Олар «Қорғандар аңғары» сынды миллион жылдық тарихы бар табиғат мүсінін қызықтайды. Пабло Феттер, турист: – Өте әдемі. Қазақстанда 50 шақырым сайын ландшафт ауысып отыратындай. Мысалы, біраз жол жүрсең, Швейцарияның альпы тауларындай табиғатты көруге болады. Тағы біраздан кейін шөл далаға тап боласың. Енді, міне, Америкадағы шатқалда жүргендеймін. Сіздер табиғаты ерекше мемлекетте өмір сүріп жатырсыздар. Осыны әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау керек. Табиғат ескерткішімен қатар мұнда жүйесіз жұмсалған қаражаттың да ескерткіші бар. Жергілікті бюджеттен әрқайсысы 13 млн теңгеге сатып алынған үш дәретхана істемей тұр. Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы: – Мемлекет тарапынан субсидиялар бөлінеді. Бұл субсидиялар әрбір торап үшін 83300 теңге болып табылады. Келешекте тораптар бизнестің басқаруына берілуі мүмкін. Осы субсидия есебінен тораптардың мәселесі шешу жоспарлануда. Биыл парк аумағына жеке инвестор есебінен су және электр жүйесі жүргізіледі. Содан кейін киіз үй мен өзге де туристік нысандар салынады. Бұл өз кезегінде «Шарын» шатқалын тамашалауға келетіндердің санын арттырып, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етпек. Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024