Адам қай жастан бастап қартаяды?
Қызық сұрақ. Қартаю адамда алпыстан асып, жетпіске жақындағанда орын алады дегіміз келеді. Бірақ ғалымдар олай емес дейді. Зерттеушілер қартаю мен оны мейлінше кейінге шегеру туралы ізденген екен. Қорытындысына көз жүгіртіп көріңіз: Мамандардың есебінше, адам орта есеппен 28 жастан кейін қартая бастайды екен. Осы жаста бет терісі баяғыдай балғын емес, тері шаршаңқы көрінеді. Көз айналасына ұсақ әжімдер түседі. Өйткені осы кезеңде отбасын құрып, кішкентайларды тәрбиелеу немесе жайлы да тұрақты жұмыс орнын тауып, карьерасын қалыптастыру сынды күрделі өзгеріс кезеңі жүріп жатады. Содан адам күйзеліске көп түседі. Дегенмен қартаю әр адамның жеке ерекшеліктеріне: оның өмірлік ұстанымына, қоршаған ортасына, жеке қасиеттері мен мінез - құлқына, айналысатын ісіне, немен және қалай, қашан тамақтанатынына, тағы басқа да жайларға тікелей байланысты. Оны бәсеңдету өз қолыңызда.
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
25 тамыз 2026
25 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар