Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапон тақтасы: Канбан әдісі деген не?

kz.kursiv.media

Жапон тақтасы: Канбан әдісі деген не?

Командалық жұмыс кезінде шаруаның қалай жүріп жатқанын бақылап отыру үшін визуал қажет. Яғни әрқайсысына жеке-жеке хабарласып, жұмыс барысын сұрап отыру қосымша уақыт пен энергияны алады. Мұндайда визализация арқылы команданы басқаратын канбан әдісін қолданып көрсеңіз болады. Басқару бұл тәсілі көп кәсіпкердің көңілінен шыққан. Сіз де қолданып көріңіз. Шығу тарихы Жапон тілінен аударғанда жарнама тақтасы немесе ақпаратты визуал көрсетуге арналған үлкен тақта дегенді білдіреді. Ең алғаш рет бұл әдісті өткен ғасырдың 50-60 жылдары Toyota зауытында пайдаланып көрген. Жапон инженерлері қызметкерлеріне бүгін атқарылуы керек шаруаларды тақтаға жазып қалдырады екен. Осылайша бітуі керек істер мерзімінде жасалып, жапсарлас цехтар бекер күтіп қалмайтындай, өнімдер тұратын қоймалар толып қалмас үшін жап-жақсы кесте жасалып, бәрі анық көрініп тұрады. Ғылыми түрде негізін қалап, әдісті ойлап тапқан — Дэвид Андерсон. Ол — Motorola мен Microsoft сынды компанияларда басқару әдістерін енгізген маман. Бір сұхбатында ол канбан тәсілінің арқасында команда жұмысының тиімділігін 80 пайызға арттырғанын айтқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024