Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үш баласы мен отбасын тастап, жас келіншекпен кеткен қарттың оқиғасы

alashainasy.kz

Үш баласы мен отбасын тастап, жас келіншекпен кеткен қарттың оқиғасы

ҚАЙЫРСЫЗ ӘКЕ - ҚАДІРСІЗ Жолдасым жұмыста отырса, жұпыны киінген қарт кісі келіп: - Балам тоңып кеттім, сендердің жылы бөлмелеріңде жылынып алсам бола ма? депті. - Кіріңіз, жылыныңыз депті жолдасым. Үстіндегі көнетоз жұқа күртеше жылу бермесі анық, киімдері жұпыны, Ішкіш адамға ұқсамайды.«Балам Райымбек ауданынан келе жатыр едім, Қаскелең жақта қызым тұрады,соған бара жатқан бетім еді, аялдамада көп тұрып тоңып қалдым» депті. Жолдасым жөн сұрасқан соң жаны ашып: - Ата мен сізді үйіме апарайын, келініңіздің қолынан шай ішіп жылынып алыңыз, сосын әрі қарай жол тартарсыз деп үйге алып келіпті. Тамақ әзірлеп қойған едім, шайымды демдеп, дастарханға шақырдым. Тамақтанып отырып ата әңгімесін бастады.«Балаларым, менің басымнан өткенді, сендердің бастарыңа бермесін. Мен жастықтың жалынымен көп қателікке бой алдырдым. Әйелім мен үш баламды тастап, бір шүйкебастың жетегінде кеттім. Беті басын әрлеп, көзін ойнақшытқан сылқым келіншекті кіндігімнен шыққан балаларымнан, қыздай қосылған қосағым, балаларымның анасынан артық көрдім. Аяғы отбасымды нәпсінің жолында құрбан еттім. Қартаймастай көріндім. Жастық шақ өтті, кешегі сылқым келіншек, бойымнан қуат, қолымнан табыс кеткен соң түртпектеп сидырмады. Ауыру қалса да әдет қалмайды екен. Менің көзіме шөп сала бастады. Отбасыма баруға батылым жетпей ауылға оралдым. Өз отбасым қалада. Балаларым ер жеткен соң, үлкен ұл, әйелімді ауылдан көшіріп алып кеткен. Әйелім де о дүниелік болып кетіпті. Кешегі мен тастап кеткен үш балам да ер жетті. Екі ұл Алматыда, бір тал қызым Қаскелеңде тұрады. Аналары қайтыс болған соң үлкен ұл мені аяп, өзі келіп, қолына алып кеткен болатын. Жастайынан қарайласпаған маған келін жылы қабақ таныта қоймады. Біраз тұрып, екінші ұлдың қолына бардым. Ол үйде де, мен үшін жиі ренжісіп қалатындарын байқадым. Бірде жаңжал үстінде келіннің« кезінде тастап кеткен әкеңді сен неге бағуың тиіс, қызына барсын» деген сөзін естіп қалдым. Содан киімдерімді жинап қызымда біраз болдым. Қыздың аты қыз ғой асты- үстіме түседі. Бірақ күйеу баланың қабағын қашанғы аңдиын, ауылға қайта оралдым. Қартайғанда қадірім қашып, керексіз етіп тастап кеткен балаларым кешіргенімен, көңілдерінде кірбің барын сеземін. Тура жолдан таймай, отбасымды асырап жеткізсем, мүмкін балаларым да, келіндерім де басқаша қарар ма еді. Оларға қандай өкпе айтамын. Ауылда жағдай жаман емес, пенсиям бар. Отын суыма, шайлығыма жетеді. Қызым келіп кет деген соң қызыма шыққан бетім ғой. Дүние алма кезек балаларым, не ексең соны орасың, екеуіңнің жұптарың жазылмасын. Бала- шағаларыңның қызығын көруге жазсын» деп ата сөзін аяқтады. Атаны бір жағынан қылығына қарай жек көрсем де, мына жұпыны түрін көріп аяп кеттім. Жолдасымның кимей жүрген тоны бар еді, соны кигізіп едім жараса кетті. Жолдасымның киімдерін қопарып, тағы да бір шалбар, үстіне жемпір тауып кигіздім. Қыздың жүрегі нәзік ғой ата, сізді жақсы жағынан көрсін, немерелеріңіздің алдында қалыпты жағдайда көрініңіз, немерелеріңізге апарыңыз деп кәмпит-сәмпит салып беріп, жолдасым автобусқа отырғызып жіберді. Ата алғысын жаудырып, батасын беріп жатыр! Алла тәубесіне келген құлыңның нығметін арттыра көр! Бұл кісінің жіберген қателігі біреулерге сабақ болар деген ниетте жазып отырмын. Алла біздерді бала-шағаның алдында әдемі қартаюды нәсіп етсін!………………. Online Qazaqstan facebook.com Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024