Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ДДСҰ ВИЧ-инфекциясының алдын алатын жаңа препаратты пайдалануға кеңес берді

ktk.kz

ДДСҰ ВИЧ-инфекциясының алдын алатын жаңа препаратты пайдалануға кеңес берді

ДДСҰ елдерді АИТВ жұқтыру қаупі жоғары топтардағы адамдарға осы профилактикалық препаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырады. 2021 жылы АИТВ-инфекциясының 1,5 млн жаңа жағдайы тіркелді. Өткен жылы күн сайын 4000 жаңа АИТВ инфекциясы анықталған. Әлемдегі АИТВ-инфекциясы жағдайларының 70 пайызы негізгі қауіп-қатер топтарына (секс-индустрия жұмыскерлері, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, тұтқындар мен трансгендерлер) және олардың жыныстық серіктестеріне тиесілі. «Ұзақ әсер ететін каботегравир - АИТВ-инфекциясының алдын алудың қауіпсіз және тиімділігі жоғары құралы, алайда әзірге ол тек клиникалық зерттеулер шеңберінде ғана пайдаланылып жүр. Жаңа ұсыныстар АИТВ-ны алдын алудың басқа әдістерімен қатар, КАБ-ДД жоспарлау және енгізу бойынша елдердің іс-қимылын жеделдетуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деді ДДСҰ АИТВ инфекциясы, вирустық гепатит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөніндегі жаһандық бағдарламасының директоры доктор Мег Доэрти. КАБ-ДД – алғашқы екі инъекциясы төрт апта аралықпен, содан кейін әрбір сегіз апта сайын салынатын ұзақ әсер ететін препарат. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар