Мысықты емізген иттің видеосы желіні шулатты
Нигериялық ауылда мысықты емшек сүтімен тамақтандырған иттің видеосы танымалдыққа ие болды. Үй жануарларымен түсірілген видеоны Reuters агенттігі байқаған. Twitter әлеуметтік желісіне жарияланған 32 секундтық жазбада ауыл тұрғындары ит пен мысықты қоршап тұрғанын байқауға болады. Жерде тыныш жатқан итті емірене емген мысықтың бейнеролигі желіде тарап танымалдыққа ие болған. Бұл видео 383,5 мыңнан астам қаралым, 2 мыңға жуық лүпіл мен көптеген ретвит жинады. Желі қонданушыларының бірі “Табиғаттың даналығы, біз адам ретінде кішіпейіл болуды әлі үйренуіміз керек” , — деп пікір білдірді. Енді бірі «Мен осы әдемі және асыл жаратылыстарға жақсы күтім жасайды деп үміттенемін», — деген сияқты ойын жарыса жазған.
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 тамыз 2026
26 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар