Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алма қосылған бәліш

bilimdiler.kz

Алма қосылған бәліш

Құрамы Ұн – 450 гр. Тұз – 1 шай қасық Сары май (слив масло) – 300 гр. Суық су – 100-150 мл. Қамыр ішіне салуға Алма 800 гр. Шекер – 150 - 180 гр. Ұн – 30 гр. Сары май – 50 гр. Лимон сөлі – 1 шай қасық Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған соң тұз салып мұздай су құйып қамыр илеңіз. Дайын болған қамырды екіге бөліңіз, біреуін үлкенірек екіншісі кішірек болуы керек, целлофанға орап тоңазытқышқа салып қойыңыз. Қамыр ішіне салатын салмасын дайындау үшін алманы жуып - тазалап кептіріп, қабығын аршып тастап жұқалап тураңыз. Туралған алманы үстіне шекерді, ұнды, сары майды, лимон сөлін құйып жай отқа 3 - 4 минут шекер ерігенше қойып алаңыз. Қамырды тоңазытқыштан шығарып қалыңдығын 3 мм етіп жаямыз. Жайылған қамырды форманың ішіне салып артығын кесіп алып тастаңыз. Алмадан дайындаған салманы саламыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024