Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда 51 жыл отасқан жұп ажырасуға арыз берген

ktk.kz

Атырауда 51 жыл отасқан жұп ажырасуға арыз берген

Атырау қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ақпаратына қарағанда, биылғы жылдың жеті айында 1 731 жұп неке қидырған. Жаңадан отау тіккен отбасының бірінің қалыңдығы 16 жаста болған. «Былтыр Атырау қаласында 3 558 жұп неке қидырған еді. Алайда 1 195 жұп ажырасты. Оның ішінде некеге тұрғаннан бірнеше айдан кейін ажырасқан 21 жұп бар. Ең қысқа неке 1 ай 22 күнге созылды», -деп хабарлады Атырау қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімнен. Шаңырақтың беріктігін сақтай алмай, ажырасуға өтініш бергендердің арасында егде жастағы жұп та бар. Мәселен, 1970 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты бір-бірінің мінезін көтере алмай, осындай тосын қадамға барған. «Әдетте ерлі-зайыптылар өтінішінде ажырасудың басты себебін өзара келіспеушілікпен түсіндіреді. Биыл «мінездің сәйкес келмеуі» деген сылтаумен ажырасуға 693 жұп өтініш берді. Алайда, жұбайларға татуласуына бір ай мерзім беріледі. Осы кезеңде отбасылық психолог кеңес беріп, ерлі-зайыптылардың шаңырағын сақтап қалу үшін жұмыс істейді. Психолог кеңесінің нәтижесінде 44 ерлі-зайыпты ажырасу ниетінен бас тартты», - деп мәлім етті қалалық бөлімнің мамандары. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Тамара Дүйсенова елімізде үшінші, төртінші, бесінші балалар көбірек дүниеге келіп жатқанын айтқан еді. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024