Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алдағы т рт жылда мектептердегі орын тапшылығы 1,1 миллионға жетуі мүмкін

bilim-all.kz

Алдағы т рт жылда мектептердегі орын тапшылығы 1,1 миллионға жетуі мүмкін

Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев ведомствода өткен аппарат жиналысында 2026 жылға дейін мектептердегі тапшылық 1 млн 117 мың 900 орынды құрауы мүмкін екенін айтты. «Үш ауысымды мектептердің жоғары үлесінің сақталу себептерін анықтау және болжамды контингентті ескере отырып, 2026 жылға дейін оқушы орындарының тапшылығын одан әрі есептеу үшін экстраполяция әдісі қолданылды. Бұл әдіс өткен кезеңдерде байқалған үрдістер мен болжамды динамиканы ескере отырып болашақ көрсеткіштерді анықтауға негізделген. Осылайша, контингенттің жыл сайынғы өсімінің болжамы негізінде 2026 жылы білім алушылар саны 4,3 млн оқушыны құрайды. Атап айтсақ, 2022 жылы – 3,6 млн, 2023 жылы – 3,8 млн, 2024 жылы – 4 млн және 2025 жылы 4,3 млн балаға жетеді. Бала туу, урбанизация, өңірішілік және өңіраралық көші-қон, сондай-ақ 1950 жылға дейін салынған мектеп ғимараттарының тозуы көрсеткіштерін ескере отырып, 2026 жылға дейін оқушы орындарының болжамды тапшылығы 1 117,9 мыңды құрайды», - деп болжам нәтижелерімен бөлісті вице-министр. Бұған дейін Ғани Бейсембаев мектептерді салу кезінде орын алатын басты мәселелерді атаған еді. Оның айтуынша, 300-ден 1200-ге дейін орын саны бар типтік мектеп құрылысына мемлекет 7,6 млрд теңгеге дейін жұмсайды. Соның ішінде, мектепті жабдықтармен жарақтандыру сметалық құнының шамамен 4-10 пайызын ғана құрайды. Яғни, 500 млн теңгеге дейін жұмсалады. Нәтижесінде, мектеп тапсырылған соң оны қажетті пәндік кабинеттермен, компьютерлік сыныптармен, оқу зертханаларымен, шеберханалармен жарақтандыру үшін қосымша 1 млрд теңгеге қажет болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024