Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Экспортпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды

almaty-akshamy.kz

Экспортпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін тегін курстар басталды

Қазақстандық экспорттаушылар Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен бірге Еуропалық Одақ есебінен трансшекаралық сауда бойынша тегін білім алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Астанада «QazTrade» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен аталған бағдарламаның таныстырылым өтті. «QazTrade» акицонерлік қоғамы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуына қарағанда, аталған бағдарлама «Ready4Trade Central Asia» жобасының аясында іске асырылмақ. «Жалпы, бұл бағдарлама 4 жылға арналған. 2019 жылдан бері бірнеше компоненті іске асырылды. Мысалы, биыл жазда сауда порталы іске қосылған еді. Сондай үлкен бағыттың бірі – қазақстандық экспорттаушыларды оқыту. 1,5 жыл бойы кәсіби нұсқаушылар жұмыс істеп, тәлімгерлерді даярлады. Енді сол тәлімгерлер экспорттаушыларға сабақ береді», - деді ол. Ал Еуропалық Одақ өкілдігі Орталық Азияның өңірлік бағдарламалары Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімі бағдарламаларының менеджері Юрий Скаскеевичтің айтуынша, оқыту бағдарламасы осыдан 4 жыл бұрын бөлінген 15 млн еуроның есебінен іске асады. «Менің портфолиомдағы ең үлкен бағдарламаның бірі – осы 4 жылдық бағдарлама. Ол бүкіл Орталық Азия елдеріне бағытталған. Бюджеті айтарлықтай салмақты – 15 млн евро. Осы қаражат аясында қаржыландырылып жатқан бағыттың бірі экспорттаушыларды оқытуға арналып отыр», - деді Юрий Скаскеевич. Жоба авторларының мәліметіне сүйенсек, қазақстандық экспорттаушылар оқу бағдарламасы арқылы халықаралық сауда ережелері, экспорттық рәсімдер, транзиттік бағыттар, сапа және сәйкестік стандарттары, Еуропалық Одақ нарығына арналған нақты талаптар туралы білім алып, ол алған білімдерін іс жүзінде қолданып машықтанады. Оқыту онлайн режимде де, офффлайн режимде де ұсынылады. Тренингті Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымына қарасты Халықаралық сауда орталығы әзірлеген. Бұл бағдарлама Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтиды деп жоспарланған. Сол үшін QazTrade комипаниясының жанынан электрондық оқыту платформасы ашылып отыр. Сол платформаның (https://www.qaztradeacademy.kz/), көмегімен әлеуетті және жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар бүкіл курстарды онлайн режимінде тегін өтіп, сертификаттар алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024