Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да биыл 30-дан астам адам кене инфекциясын жұқтырған

inform.kz

ШҚО-да биыл 30-дан астам адам кене инфекциясын жұқтырған

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көктем шыққалы бері өңір бойынша 3593 адамды кене шаққан. Зардап шеккендердің көбісі Өскемен қаласында (1702 адам). Одан кейін Риддер (695) мен Алтай (462) ауданы тұр. Сондай-ақ кене шағу фактілері Катонқарағай, Глубокое, Шемонаиха, Зайсан, Көкпекті және Ұлан аудандарында тіркелді. «Кене шаққаннан кейін 30-дан астам тұрғын қауіпті инфекция жұқтырған. Мәселен, 15 азамат иксодидтік кене боррелиозымен, 8 адам кене энцефалитімен, 7 адам кене сүзегімен ауырған. Науқастардың ең ересегі - 91 жаста, ал ең кішісі - 4-те», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Фото: blog.doc.help
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024