Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сапалы медицина – мықты денсаулық негізі

kaz.365info.kz

Сапалы медицина – мықты денсаулық негізі

«AMANAT» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясындағы кездесулердің бірі Шымкент қалалық диагностикалық орталықта өтті. Дәрігерлермен жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар – Бақытжан Позилов, Жадыра Таңатарова қатысты. – Қаланың медициналық ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту үшін алдағы 5 жылда 17,5 млрд теңге бөлінуіне, бірнеше емхана салынуына ықпал етеміз. Оған қоса медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында 5 жылда 18 мыңнан астам қызметкерге республиканың жетекші мамандары шеберлік сағаттарын өткізеді деген жоспар бар, – деді Бақытжан Позилов. Кардиологтар Шымкенттегі жүрек орталығы елімізде беделді медициналық орталықтардың бірі саналатынын мақтанышпен айтып, салаға көрсетіліп жатқан қолдау үшін басшыларға алғыс айтты, алдағы сайлауға белсене қатысуға уағдаласты. Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған “AMANAT” партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024