Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

5-сынып оқушысы балаларға қазақ тілін үйретудің тың тәсілін тапты

almaty-akshamy.kz

5-сынып оқушысы балаларға қазақ тілін үйретудің тың тәсілін тапты

Иманғали Бектұрсын атты Вашингтонда тұратын 5-сынып оқушысы қазақ тілін балаларға үйретудің тың тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Жалпы, АҚШ-та тұратын қазақтар үшін ана тілін ұмытпау - өзекті мәселе. Баласының қазақша сөйлеуіне ата-аналар да мүдделі болғандықтан, жыл сайын тілдік курстарға сұраныс та артып келеді. Вашингтон қаласында екі бірдей тіл курсы жұмыс істейді. Қазақстан елшілігі өзге штаттардан түскен өтініштерді ескере отырып, "Отандастар" қорымен бірлесіп, онлайн форматта қазақ тілін үйрету мәселесін пысықтап жатыр. Иманғали Бектұрсын АҚШ-қа былтыр күзде келген. 500 ғалым жобасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан анасы Жазира Сайын сенбі сайын Америкадағы балаларға қазақша үйретеді. Ол құрдастары мен іні-қарындастарының қазақшаға шорқақ екенін күнде көріп жүр. Бір жағынан, анасына көмектескісі келіп, екінші жағынан, ойын арқылы тілді оңай меңгеруге болатынын түсінеді. Сөйтіп, Roblox-та қарапайым тапсырмалар жасайды. "Ол - ойын платформасы, қалаған адам өзі ойын істеп, сол платформаға сала алады", - дейді Иманғали Бектұрсын. Балалар арасында өте танымал Roblox платформасының мүмкіндігі мол. Кез келген пайдаланушы өзінің ойынын құрастырып, виртуалды әлемде түрлі тапсырма орындай алады. Метакеңістікте өзара кездесіп, сауда жасап, үй жануарларын асырап, түрлі маман иесі сияқты жұмысқа да баруға болады. "Тауықтың қазақшасы қалай болады? Мұнда таңдау бар. Бақа немесе тауық. Бақаға кірсе, ойын қайта басталады. Тауыққа кірсе, ойын жалғаса береді", - деп түсіндірді 5-сынып оқушысы. Қазақ тілі клубына келіп жүрген бүлдіршіндердің көбі шет елде дүниеге келген. Сабақ барысында өздерін таныстырған балалардың бірі Лондонда, енді бірі Малайзияда, Монғолияда туған. Дипломат ата-ана баласының ана тілін құрметтейтін азамат болып өскенін қалайды. Сондықтан сенбі сайын ешкім сабақтан қалмайды. Қазақи орта жоқ, әрине, оларға қазақ тілін үйрену қиын. Сондықтан АҚШ-тағы елшілік қазақ тілі клубын ашып, еріктілерді тартып жатқаны жақсы бастама", - дейді ДЖ. Вашингтон университетінде тағылымдамадан өтуші Жазира Сайын. Жазира Сайын АҚШ-та сабақ оқу үшін мектепке қуана баратын бүлдіршіндер қазақша клубқа да өз еріктерімен, жайдары көңіл-күймен келгенін қалайды. Сол үшін тапсырманы үйіп-төкпей, еркін форматта, ойын түрінде өткізеді. Басты міндет – әр баланың көкейіне қазақ еліне деген сүйіспеншік қалыптастырып, ертеден ана тілін сіңіру.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024