Бала сүюді 8 жыл армандаған отбасында егіз қыздар дүниеге келді
"Бірінші болып Елизавета дүниеге келді, салмағы – 2200 грамм, бойы – 50 сантиметр. Екіншісі – Виктория сәл кішірек туды. Оның салмағы – 1950 грамм, бойы – 47 сантиметр. Бұл – біздің аудандағы соңғы төрт жылда экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген алғашқы егіздер", – дейді Железин аудандық аурухананың бас дәрігері Роман Пак. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар сегіз жыл бойы бала сүюді армандаған. Осылайша жасанды ұрықтандырудың үшінші әрекеті сәтті аяқталған. Егіздердің анасы аудандық ауруханада жұмыс істейді. Айта кетейік, бұған дейін 19 наурызда елімізде 609 нәресте дүниеге келгенін хабарлаған едік.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
6 қазан 2024
6 қазан 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар