Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кофені шамадан тыс тұтыну ерте өлімге әкелуі мүмкін

turkistan.today

Кофені шамадан тыс тұтыну ерте өлімге әкелуі мүмкін

Кофеқұмарларға бұл мақала аса ұнай қоймауы мүмкін. Алайда денсаулыққа зиянды тағамдарды біле жүргеніміз абзал. Күнделікті кофені тұтыну әдетке айналғаны рас. Үйде, кеңседе. Таңертең сергітеді. Жұмысқа қабілеттілікті арттырады, әрі дайындалуы тез, әрі оңай. Бірақ кофені шамадан тыс тұтыну бауыр мен жалпы денеге зиян екенін есте ұстағанамыз дұрыс, деп хабарлайды Turkistan Today.Сарапшылардың пікірінше, кофені шамадан тыс тұтыну ағзаға зиян екені туралы мәлімет En Son Haber басылымында пайда болды. Мақала авторларының пікірінше, аз мөлшерде кофе ағзаға пайдалы, мысалы, бауырды детоксикациялау және энергияның жоғарылауы.Егер сіз оны жоғары дозада ішсеңіз, құрамындағы кофеин мезгілсіз өлімге және бірқатар қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін. Мұндай мәлімдеме күн сайын төрт кесеге дейін кофе ішетін ер адамдар мезгілсіз өлімге ұшырайтыны зерттеуге негіз болыпты.Сонымен қатар кофенің арқасында бүйректе қан айналымының жоғарылауы байқалған. Бұл ағзадағы сұйықтықтың теңсіздігіне әкеледі, ал кофеин қышқылдықтың жоғарылауын және жаралардың пайда болуын тудырады. Тағамның сіңу жылдамдығын өзгертеді. Асқазанның құрысуын тудырады. Сонымен қатар кофе қан қысымының жоғарылуына және жүректің қатты соғуын тудырады делінген материалда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024