Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарлық колледж 50 жыл ішінде 15 мыңнан астам маман даярлаған

baq.kz

 Павлодарлық колледж 50 жыл ішінде 15 мыңнан астам маман даярлаған

Жарты ғасыр ішінде арнайы оқу орны қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласына білікті маман даярлаудың көшбасшысы атанған. Колледж директоры Гүлмира Шұғабаеваның айтуынша, кәсіптік бағытта білім беруде ерте бағдарлаудың маңызы зор. Бүгінде оқу ордасы мектептермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ал дуалды білім беру бойынша облыстың ірі кәсіпорындарымен келісімшарттар жасалған.

Даяшы, аспаз, технолог, кондитер – еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие мамандықтар. Ал қазіргі уақытта бармен-бариста, кондитер-көркемдеуші, отель-менеджері, технолог мамандықтары пайда болып жатыр. Тамақтандыру мен қонақүй бизнесін ұйымдастыру да әрдайым қажет. Біздің мақсат – бірінші кезекте ішкі нарықтың сұранысын өтеу. Бұл салаға деген балалардың қызығушылығын тарту үшін оқу бағдарламасын жетілдірумен қатар колледждің имиджін жоғары деңгейде ұстау маңызды. Біз студенттерді білікті маман ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде қалыптастырғымыз келеді. Оқу орнында волонтерлік, мәдени қозғалыстар дамыған, - дейді Гүлмира Шұғабаева.

Бүгінгі таңда колледжде 500-ден астам студент білім алады. Олар үш мамандық және сегіз дағды бойынша біліктіліктерін арттырады.

Қонақүй бизнесі, қызмет көрсету мен тамақтандыруды ұйымдастыру маманықтары бойынша оқытамыз. Болашақта пицца және суши жасаушыларды даярлағымыз келеді. Салалық министрлікке тиісті өтініш жолдадық, - дейді колледж директоры.

Қуантарлығы, бүгінді колледже еңбек ететін оқытушылардың басым бөлімі – осы оқу орнынан түлеп ұшқан азаматтар. Түлектердің ішінде Павлодар облысының брендіне айналған дәмхана, сапалы кондитерлік өнім шығарумен айналысатын кәсіби мамандар да бар.

Айта кетейік, колледж студенттері World Skills шеберлік чемпионатының қатысушылары жетерлік. Студенттер отандық және еуропалық кезеңдерге бақтарын сынау үшін дайындалып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024