Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл 172 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

almaty-akshamy.kz

Биыл 172 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

«Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.

Мектептер салтанатты шара өткізу туралы шешімді де өздері дербес қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдайды. Сонымен қатар, министрліктің нормативті құжаттарында мұндай шаралар бұрын болмаған және қазір де жоқ екенін атап өтсем деймін», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдағалы отыр.

«Биыл 18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім, тәрбие алды. Осы жылы 288 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды тәмамдауда, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныптарды барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды», - деді Шолпан Каринова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024