Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«AMANAT» партиясы білім беру сапасын арттыруға үлес қосады

turkistan.today

«AMANAT» партиясы білім беру сапасын арттыруға үлес қосады

Кандидаттар Қостанай ауданында студенттер және оқытушылар құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.Сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. «AMANAT» партиясы педагогтар мен медицина қызметкерлеріне сапалы жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасайтын болады.- Өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіші азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен денсаулығы болып табылады. Сапалы білім беру мақсатында бірқатар білім ошақтарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «AMANAT» партиясы материалдық-техникалық базаны нығайтуға және денсаулық сақтау нысандарының сапасын арттыруға баса назар аударады, - деп атап өтті кандидат Бибігүл Аққожина.Кездесу соңында кандидат Аслан Дабылов колледждер салалық құзыреттілік орталығына айналуға тиіс, озық жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтті.«AMANAT» партиясы 180 колледждің шеберханалары мен зертханаларын заманауи жабдықтармен және білікті кадрлармен толық жаңартпақшы. Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024