Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл 172 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

zhambylnews.kz

Биыл 172 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау шараларын өткізуге ешқандай шектеу жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады. Мектептер салтанатты шара өткізу туралы шешімді де өздері дербес қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдайды. Сонымен қатар, министрліктің нормативті құжаттарында мұндай шаралар бұрын болмаған және қазір де жоқ екенін атап өтсем деймін», — деді вице-министр. Оның айтуынша, биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдағалы отыр. «Биыл 18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім, тәрбие алды. Осы жылы 288 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды тәмамдауда, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныптарды барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды», — деді Шолпан Каринова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024