Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Белгісіз қырларыңмен бетпе-бет келуден тайсалмау”. Александр Скуртул психотерапевт жұмысы туралы

kaz.365info.kz

“Белгісіз қырларыңмен бетпе-бет келуден тайсалмау”. Александр Скуртул психотерапевт жұмысы туралы

Адамның өмір сапасы арта келе материалдық құндылықтар емес, ішкі әл-ауқат алдыңғы қатарға шыға бастайды, бұл психология мен менталдық денсаулыққа деген қызығушылықты туғызады.

Психолог, алматылық психоаналитикалық психотерапевт, Еуропалық Психоаналитикалық Психотерапия Конфедерациясының және Психоаналитикалық психотерапия қауымдастығының мүшесі Александр Скуртулмен Қазақстандағы нарықтың жай-күйі, дамуындағы кедергілер, қажетті реформалар және жергілікті пациенттердің ерекшеліктері туралы сұхбат құруды ұйғардық.

— Бұл мамандықты қалай таңдағаныңыз туралы айтып беріңізші, несі ұнап, несі көңіліңізден шықпайды?

— Психолог болғандардың көпшілігі бұл салаға, ең алдымен, өз проблемаларын және оларды түсінуге деген ұмтылыстан келеді деп есептеледі. Мұндай статистикалық дерегім жоқ, бірақ бұл себеп шын мәнінде жиі кездеседі. Менің жағдайымда мені бала кезімнен психологияның негізгі сұрақтары қызықтырған, әлі есімде, мені әлі күнге дейін сананың не екенін, оның қалай пайда болғанын, қалай жұмыс істейтінін, неге адам жануарлардан ерекшеленетінін білмейтініміз таңғалдырған. Жастайымнан классикалық әдебиет пен ғылыми фантастиканы көп оқыдым, назар салып қарасақ, мұнда әрқашан жан (рух, мінез, адамгершілік) және сана (соның ішінде жасанды) мәселелері қозғалады – Достоевский мен Гогольден бастап ағайынды Стругацкийлер мен Асимовқа дейін солай. Жыл өткен сайын қызығушылығым арта түсті. Сондықтан психологтарды, философияны, содан кейін психоанализді осы қос бағыттың синтезі ретінде жақсы көрдім. Психотерапия – қазіргі ғылым мен өнер әлеміндегі ең күрделі әрі қызық құбылысты зерттей отырып көмектесу мен көмектесе отырып зерттеу мүмкіндігі.

Бұл бір жауыр немесе мақтаныш деп қабылдануы мүмкін, бірақ менің жолымдағы ең құнды нәрсе – мен жұмыс істейтін адамның күйіндегі, өзін-өзі сезінуіндегі және өміріндегі пайдалы (әрине, пациенттің өз көзқарасы тұрғысынан) өзгерістердің берер сезімі. Өте қиын әрі күрделі терапевтік қарым-қатынас қалыптасқан кезде пациент біртіндеп интеграцияланады, оның мазасыздығы азайып, белсенділігі артады, жетістіктер пайда бола бастайды – бұл ең құнды нәрсе, қанағаттану сезімін сыйлап, әлемге пайдалы екенімді, бекер өмір сүрмейтінімді, әлемге пайдам тигенін түсінетін ерекше сезім. Сонда ғана күнге, бұлттарға бөлек қарай бастайсыз, басқаша ас ішіп, өзгеше ұйқыға кетесіз. Толыққандылық сезімі шығар.

Әрине, барлық терапия бірдей сәтті дей алмаймыз, алайда жетістікке жеткендегі жағдай бәрінің алдын орап кетеді.

Не ұнамайды дейсіз бе? Жұмыс талаптарының қатаңдығы мен тым жоғары жауапкершілік дер едім. Психотерапевт көп қатынаста өте тұрақты бола білуі керек, өйткені тұрақтылық пен сенім – терапияның маңызды факторы. Егер біз пациентпен апта сайын сейсенбіде сағат 14-те кездесетінімізді белгілесек, онда қарым-қатынас барысында мен терапия бірнеше жылға созылса да, осы жағдайларды мүмкіндігінше қамтамасыз етуге тырысуым керек. Ал көмекке келетіндердің саны 12-18 болуы да ғажап емес, әрқайсымен тура осындай шартпен жұмыс істеуің керек. Иә, әрине, демалысымыз да бар, ол үшін алдын ала келісуің керек, бірақ мұнда да қарапайым қызметші сияқты «ауырып қалатын», жұмыстан шығып кететін, сұрана салатын немесе әріптесі алмастыра салатындай жалданып жұмыс істеуге мүлдем ұқсамайтын сала. Психотерапия әркімнің жеке шаруасы, сондықтан, тәртіпке, эмоционалдық және физикалық жағдайға талап өте жоғары. Бұл кейде қиынға соғатын жұмыс болуы мүмкін. Бірақ бұл әр мамандықтағыдай осы саланың өз күйбеңі, одан қашып құтылу мүмкін емес. Сондықтан көптеген психотерапевт мұндай тәжірибеге шыдай алмай, кәсіптен кетіп жатады, әлде болмаса олардың тәжірибесі үнемі тұрақсыз (ұзақ қарым-қатынас жоқ) немесе олардың тәжірибесі аз, яғни жүктемесі барынша азайтылған.

— Бүгінде Қазақстанда психоаналитикалық психотерапевт болу қиын ба?

— Қандай боларыңызға байланысты: мысалы не аты бар да, заты жоқ маман боласыз, не шын мәнінде білікті боласыз дегенге саяды. Атыңыз ғана психотерапевт болса, онда бұл сала өте оңай, жай ғана психотерапевт деп атанып, жарнама беріп, әрі қарай тәжірибеге көше бересіз. Амал не, бүгінде мұндай мамандарға тұсау болатын ешкім жоқ. Қалаған сертификатыңызды немесе дипломыңызды жасатып ала саласыз, тым болмаса түлектерді бақылау жағы ақсап тұрған толып жатқан бір курсты аяқтай салуыңыз мүмкін. Қазақстанда әлі күнге дейін осы бағыттағы мамандарға лицензия беру туралы заң жоқ, сондықтан психолог деп атануға және тәжірибемен айналыса беруге тыйым жоқ. Осында айтып өтуіміз қажет, бұл айтып отырғанымыз медициналық мамандықтарға қатысты емес – клиникалық психологтар, психотерапевт дәрігерлер, психиатрлар, невропатологтар және т. б.

Құқықтық базаның болмауына байланысты психотерапияның дамуы тоқтайды деуге де болмайды, әрине. Бірақ сол дамуы көбінесе әлемдік трендтер, жаһандану процестері, интернет және халықаралық корпорациялардың қызметі есебінен жүреді (олар өз қызметкерлеріне өз стандарттары бойынша білікті психологиялық көмек көрсетеді). Нәтижесінде, кәсіптегі жолың, әлеуметтік баспалдақ, кепілдіктер, институттар дамыған және қолжетімді басқа елдерге қарағанда білікті психотерапевт болу қиынырақ.

— Еліміздегі жалпы психо-көмекке қандай баға берер едіңіз?

— Бағалау үшін өзіміз сүйене алатын бір өлшем қажет, яғни қай елдің немесе аймақтың нарығына қатысты бағалау туралы мәселеге тоқталуымыз шарт. Егер Орталық Азияны алып қарасақ, онда Қазақстанда психотерапия, әсіресе Алматыда жақсы дамыған. Егер біз Германия, Франция, Ұлыбритания және АҚШ-ты салыстыратын болсақ, онда айырмашылық жер мен көктей. Бұл айырмашылықты жойып, дамып кетуіміз өте қиын болады. Бұл елдердегі практикалық психология мен психотерапия білім беруден бастап сақтандыру компанияларына дейінгі экономикалық және заңды түрде адам өмірінің барлық саласына енгізілген. Бұл елдерде депрессия қырсықтық емес, нақты әлеуметтік-экономикалық мәселе болып саналады.

— Сіздің ойыңызша психотерапевтік мәдениетті дамыту үшін не істеу керек?

— Ең алдымен халықтың психологиялық сауатын арттыру қажет, онсыз кез келген басқа реформа қарсыластық пен түсінбеушілікке әкеп соққанда тиімділігінен айырылады. Бір кездері жұрт дезинфекциялық шаралардың қажеттілігін түсінбеді, бактериялар мен вирустар туралы жеткілікті білім алғанға дейін оны елемей жүрді. Бұлар көзге көрінбесе де, материалдық заттар ғой. Ал психологияның тұрғысынан бұл мәселе күрделірек, бірақ оның жетістіктері орасан зор пайдасы барын дәлелдеп жүр.

Психологиялық ғылымдар саласындағы білім беру алғашқы жылдардан-ақ тұрақты негізде басталуы керек. Психология ана тілі деңгейінде оқытылуы керек, өйткені психика – адамның жұмыс істеуі мен қарым-қатынасының негізі. Біз өзімізді және басқаларды психология тұрғысынан, сондай-ақ тіл тұрғысынан түсінуіміз маңызды (екі ұғым да бір-бірімен өте тығыз байланысты, өйткені бейсаналы түрде құрылымдалған).

Одан әрменгісіне өтейік. Егер Қазақстан неғұрлым дамыған елдердің құрамына кіргісі келсе, оған практикалық психология мен психотерапия мәдениетін дамыту өте қажет. Заң актілерінің кешенін әзірлеп, қабылдау қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі білікті қызметтердің беделін түсірмеу. Бұл дегеніміз алаяқтар мен шарлатандарға тосқауыл қойып, тиісті қызметтер көрсетуге құқығы бар адамдарды лицензиялау туралы заң болуы тиіс.

Орталықтандырылған және директивалық әрекеттерден басқа, мемлекеттік аппарат өз бетінше нағыз психология мен психотерапияны дамытуға тырысатын, бағдарын шенеуніктерге қарағанда жақсырақ білетін, не істеу керегін білетін, халықаралық деңгейдегі кәсіби іс-шараларды ұйымдастыра алатын және ұйымдастыруға ниеті бар ұйымдарға кепілдік беруі керек: симпозиумдар, конгрестер, форумдар, конференциялар және т. б. Бұл осы мамандықтың құндылығы мен беделін арттырады, әйтпесе біздің елімізде бұл сала әлі күнге мұғалімдердің қазіргі деңгейінде қалып қойған. Ал негізінде осы қос мамандық та ең құрметтісі болуға тиіс.

— Александр, менің білуімше, сіз психотерапияны тет-а-тет форматында Алматыда да, бүкіл әлем бойынша да онлайн режимінде жүргізесіз. Демек, сізде қазақстандықтардан және салыстыруға болатын басқа пациенттерден мысалдар бар. Осы тұрғыда айтып беріңізші, сіздің орташа статистикалық пациентіңіз кім және қандай сұраныспен келеді? Сондай-ақ, қазақстандықтардың қандай да бір өзіндік ерекшеліктері бар ма?

— Иә, жеке де, онлайн режимінде де шамамен 50/50 қатынасымен тәжірибе жүргіземін. Менде әлемнің түкпір-түкпірінен жүгінген пациенттерім бар, бірақ менталитет тұрғысынан іріктеудің кеңдігі сіз ойлағандай әрқилы емес. Мәселе тілге келіп тіреледі. Психотерапияға тіл мен оның білім деңгейі өте маңызды. Өте жоғары деңгейде меңгерілмеген тілде тәжірибе жүргізу құпталмайды әрі күрделі. Менің, мысалы, ағылшын тілін білу деңгейім соншалықты жақсы емес, мен әзірге тек орыс тілінде жүргіземін. Тиісінше, басқа елдерден келгендердің дені қандай да бір жағдаймен жақын менталитеттегі адамдар. Менің терапиямда бір кездері Қазақстаннан, атап айтқанда Алматыдан АҚШ-қа көшіп кеткен пациенттер көп болды. Пациенттердің өзі психологиялық көмек туралы ойлағанда, интуитив түрде оларды дәл түсінетін адам қажет екенін түсінеді, сондықтан олар өмірінің көп бөлігі өткен жерден, өзін жақынырақ байланыстыратын жерден маман іздейді. Сондықтан мен қазақстандықтармен және ТМД елдерінің тұрғындарымен, қай жерде болса да, ең алдымен бұрынғы немесе қазіргі алматылықтармен жұмыс істеймін деп айтуға болады. Бұл өзіме де жағымды жағдай.

Маған жүгінетін адамдардың орташа статистикалық портреті әрқилы. Бірақ жүгінетіндердің бәрі бірдей психотерапияны бастай бермейді. Ал бұл ең бастысы. Міне, психотерапиядан өтетіндерге нақты мысалдар келтіруге болады: 20-40 жас аралығындағы, жоғары білімді немесе оқып жатқан, өзінің табыс көзі бар және бір қызығы, қоршаған орта мен елдегі орташа деңгейден гөрі сапалы өмір туралы жоғары түсініктері бар адамдар, бір сөзбен айтқанда, психиканың денемен және белсенділікпен байланысын түсінетіндер. Көбі өз өміріндегі жағдайға жауапкершілікті жағдайларға (бақылаудың ішкі локусы) артып қоймайтындар және мәселесін шешуге деген мотивациясы жоғары адамдар.

Ал қазақстандық пациенттердің ерек

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024