135 мың талапкердің құжат тапсыруға мүмкіндігі бар
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарқожаев ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере отырып, биыл қанша бала гранқа құжат тапсыруы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Министрліктің жобалауы бойынша 135 мың бала гранқа құжат тапсыруы мүмкін. Өйткені, биыл осыншама талапкер шекті балл жинады. Ол осы азаматтардың гранттық конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар дегенді білдіреді. Білім беру бағдарламасы бойынша, грантқа өтініш беруге болатын балы бар, біз соған сай қараймыз. Дегенмен әр баланың жоспары әр түрлі. Бірі құжат тапсырады, енді бірі тапсырмауы мүмкін. Жалпы, бүгінде 135 мың талапкер мүмкіндігі бар» - деп мәлім етті Нұрбек Сапарқожаев тілші сауалына жауап бере отырып.
Биыл Қазақстан бойынша 88 мың білім гранты бөлінді. Оның ішінде 73 061 грант бакалавриат бойынша білім алатын талапкерлерге беріледі.
Айта кетейік, ертеңнен бастап Еgov.kz порталы арқылы грантқа құжат қабылдау басталады. Нұрбек Сапарқожаевтың айтуынша, грант өтініш беру 13-20 шілде аралығында жүреді.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 14
-
- Қазан, 10
-
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
Күнделікті жаңалықтар
6 мамыр 2026