Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау облысынан 5 ғасырда өмір сүрген жауынгердің мүрдесі табылды

newsroom.kz

Атырау облысынан 5 ғасырда өмір сүрген жауынгердің мүрдесі табылды

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қызылқоға ауданындағы "Қарақұдық-1" және “Қарақұдық-2” қорғандарындағы қазба жұмысын аяқтап, құнды дүниелерді тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі caspiannews.kz -ке сілтеме жасап.

Зерттеу барысында Қарабау ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан қос қорғанда ерте темір дәуіріне жататын 10-ға жуық жерлеу орны бар екендігі анықталды.

Табылған мүрделер 2 әйел адам мен бір ер адамдікі. Әйелдердің бірі біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда өмір сүрген жауынгер болса, екіншісі бақсы-балгер болуы мүмкін,- дейді археологтар.

Бұл болжамды мамандар мүрделердің жанынан табылған 3 алтын білезік, 2 алтын сақина, сырға, күміс алқа мен жебе, және бал ашуға арналған қажетті заттар мен құрбан шалу табағына байланысты шығарған.

Ал, ер адамның қасынан қанжар, найза, қайрақ, ер тоқымның тіреуіші және 100-ге жуық жебе мен сынған қазан қалдығы табылған.

Археолог мамандардың пікірінше, Қарабау ауылында сармат тайпасының қорымы болған көрінеді. Зерттеу жұмыстары әлі жалғасын тауып, жер астында жасырынған тарихи жәдігерлерді мұражай қоржынына беруге әзірміз,- дейді мамандар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар