Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісу облысында туберкулез жұқтырған науқас саны көбейді

ktk.kz

Жетісу облысында туберкулез жұқтырған науқас саны көбейді

Әлем медицинасы әлеуметтік ауру санатына жатқызатын туберкулез дертін толық ауыздықтау әлі күнге мүмкін болмай отыр. Кох таяқшасын жаңадан жұқтырушылар легі де көбейіп келеді екен.

Дәрігерлердің мәліметінше, жыл басынан бері Жетісу облысында аурудың алғашқы белгілері 224 адамнан анықталған.

«Өңірде биыл туберкулез жұқтырудың 224 жағдайы тіркелді. Сырқаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға көбейді. Қазіргі уақытта облыс бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты болғанымен, инфекцияның таралуына ықпал ететін көптеген мәселелер бар. Мысалы, туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің жоғары үлесі, халықтың санитарлық сауаттылығының жеткіліксіздігі және адамның өз денсаулығына немқұрайлы қарауы ауруды жылдам жұқтыруға ықпал етуі мүмкін», - дейді Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова.

Маманның айтуынша, ағзадағы иммундық жүйесі әлсіреген адамдар туберкулезді жұқтыру қаупіне көбірек ұшырайды. Аурудың дамуы бірнеше айға дейін білінбей созылады. Жалпы, туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған бір науқас оқшауланбаса, ол 10-15 адамға инфекция жұқтыруы мүмкін екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар