Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада жастарды еңбекке баулу бағытында "Жасыл ел" бағдарламасы іске қосылды

newsroom.kz

Астанада жастарды еңбекке баулу бағытында Жасыл ел бағдарламасы іске қосылды

Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғау, оны аялау сезімдерін ұялату, сонымен қатар, жастарды еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасы іске асырылып жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында биыл атқарылған жұмыс туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Бағдат Атымтай мәлім етті.

«Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Ведомство басшысының айтуынша жастар қаламыздың құрылыс нысанында әр түрлі санаттағы шеберлердің көмекшісі қызметтерін, қала маңындағы «жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, талдар мен көшеттерді (сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек) қопсыту және суару, ағаштар мен көшеттерге күтім жасау арқылы табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына және қала саябақтарының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жүргізді.

«Биыл жаз айларында бас-аяғы 4200 жас (жасөспірім) жұмыспен қамтылды, олардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Биыл 29 сәуірде «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілікке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының, Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері және «Астана жастары» жастар-ресурстық орталығының еріктілері белсенді қатысты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар