«Бұл – менің әлемім» дейді суретші
Кеше Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қылқалам шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ – МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесі ашылды.
Көрмеге суретшінің әр жылдары жазылған кескіндеме, графика және гобеленнен құралған 70-ке жуық туындысы қойылған. Рақымжан Садығұлов – 150-ден астам ірі жұмыстың, оның ішінде кескіндемелік сериялық «Абылай хан», «Мұхамед-Хайдар Дулати» мен «Жер әлеміне бейбітшілік», «Жаңа қала», «Менің бағым», «Томирис», «Шамандар», «Мәңгілік», «Аңырақай шайқасы» атты гобелендердің авторы.
Сондай-ақ, теория мен практиканы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесін жетік меңгерген деңгейі жоғары кәсіби маман, «Сәндік-қолданбалы өнер» мамандығы бойынша бірнеше оқу-әдістемелік құралдының, ғылыми мақалалардың және «Бейнелеу өнері мамандандырылған терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша түсіндірме сөздігінің», О.Таңсықбаев шығармашылығына арналған кітаптың авторы.
Осындай өнер иесінің Қастеев музейінің төрінен орын алған бірегей туындылары көрмеде 16 ақпанға дейін тұрады. Көрме жетекшісі – Лаура Әбілдаева.
- Соңғы
- Ақпан, 09
-
- Тамыз, 28
-
- Шілде, 13
-
- Маусым, 23
-
- Сәуір, 26
-
Күнделікті жаңалықтар
21 қыркүйек 2026