Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқушыларға сабақ уақытында телефон ұстауға заңды түрде тыйым салынуы мүмкін

almaty-akshamy.kz

Оқушыларға сабақ уақытында телефон ұстауға заңды түрде тыйым салынуы мүмкін

Жауаптылардың айтуынша, бұл бастама білім беру сапасына серпіліс әкеледі. Ал оқушылар телефонын мектептегі арнайы жәшікте немесе сөмкесінде сақтай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмыш заңның өзге де түйінді тұстары бар. Мәселен, әр ғимаратта терезелердің ашылуына тосқауыл қоятын арнайы тетіктің болуы талап етіледі. Сондай-ақ, мектеп, балабақша мен ауруханаларды есепке алмай, көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге тыйым салынады. Тағы бір ерекшелік - тәлімгерлік институтының құрылуы. Құжатта кәмелетке толған азаматтар жетім балаларға тәлімгер бола алатыны көрсетілген.

«Бүгін мақұлданған заң осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейтін маңызды түзетулі топтамасын қамтидыү сондай-ақ, балалар қауіпсіздігіне қатысты жаңа ережелер де қамтылған. Осы заң арқылы жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институты енгізіледі. Мақұлданған заң жс ұрпақтың мүдделерін қорғауға тың серпін береді деп сенеміз», - дейді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар