Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда 200 мыңнан аса оқушы «Мен үлгі тұтатын...

turkistan.today

Түркістанда 200 мыңнан аса оқушы «Мен үлгі тұтатын...

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы 1049 білім беру ұйымдарында өткен «Мен үлгі тұтатын Адал адам» бірыңғай тәрбие сағатында балалар адалдық құндылығын өз ата-аналарының бойынан көретінін жеткізді.Бірыңғай сағатқа қатысқан 210 мыңға жуық 7 - 11 сыныптың білім алушылар адам бойындағы адалдық қасиетінің болмысын, адалдықты айқындау бағытындағы ой-пікірлерін көрсетіп, эссе жазды, деп хабарлайды Turkistan Today.Адалдыққа үндейтін шара барысында білім алушылар өздері үлгі тұтатын адал тұлғалардың қатарына ата-аналары мен ұстаздарын, достарын қосатынын көрсеткен. Іс шараның нәтижесімен оқушылардың санасына адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруды бағыттау үшін тәрбие сағаттарын жиілету, ашық сабақтарды өту, шығармашылық жұмыстарға бейімдеу, Ұлы тұлғалардың өлеңдері мен нақыл cөздерін жатқа айту бойынша түрлі шаралар өткізу және «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын жандандыру ұсынылды. Бірыңғай сағаттың негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар