Сингапур мен Алматы оқушылардың сауатын арттыруға күш салады
2024 жылдың сәуір айында Алматыда Cambridge International компаниясының математика және нақты ғылымдар бойынша жалғыз азиялық серіктес компаниясы – Marshall Cavendish-пен бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысының алдында баяндама жасаған Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты. Жаңа білім беру әдістерін енгізу, соның ішінде Сингапур – Marshall Cavendish – PISA көрсеткіштерін жақсарту үшін қажет. Бұл халықаралық тестілеу әртүрлі елдердегі оқушылардың функционалдық сауатын және теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуін бағалауға мүмкіндік береді. «Биыл мамыр-желтоқсан айлары аралығында ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) стандарттарын қолдана отырып, 50 PISA жаттықтырушысы оқытылады. Қыркүйек айында 14 PISA құзыреттілік орталықтарында табысты мектеп моделі – School Excellence Model енгізіледі. Алдағы оқу жылының басында қаланың барлық мемлекеттік мектебінде PISA Artificial Intelligence платформасы енгізіледі», - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, ұсынылған шаралар тестілеу нәтижесі бойынша оқушылардың көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, PISA-2022 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша алматылық оқушылар Қазақстан бойынша бірінші орынды иеленді.
- Соңғы
- Қараша, 24
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 14
-
- Қазан, 10
-
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
Күнделікті жаңалықтар
13 мамыр 2026