Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тамағына темір кірген балаға 1,5 сағат ота жасалды

kaz.365info.kz

Тамағына темір кірген балаға 1,5 сағат ота жасалды

Алматылық дәрігерлер тамағына қоршаудың темірі кіріп кеткен 9 жастағы баланы аман алып қалды. Тамағына үшкір темір кіріп кеткен бала жедел жәрдем бригадасымен балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізілді. Әкесінің айтуынша, бала велосипедтен темір қоршауға құлап, жарақат алған. «Балаға аралас жарақат диагнозы қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақаты. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат – металл қоршау бөлігі шығып тұрды», – дейді дәрігерлер. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас жедел түрде ота жасау бөлмесіне жеткізілді. Жоғарғы шеті найзаның ұшы тәрізді болып шыққан металл қоршаудың бір бөлігін алып тастау үшін хирургтарға 1,5 сағат қажет болды. «Жарақат нәтижесінде баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған», – дейді жоғары санатты дәрігер.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024