Маймыл шешегі алғаш рет Африкадан тыс мемлекетте тіркелді
2023 жылдың аяғында жаңа індет басталғаннан бері бұл вирус Африкадан тыс жерлерде алғаш рет анықталды. Шенеуніктер науқастың ауруды Африкаға сапары кезінде жұқтырғанын түсіндірді.
Африкада 2023 жылдың қыркүйегінен бері маймыл шешегінің жаңа індеті жалғасуда. Құрлықта 13 700 жағдай тіркеліп, 456 адам қайтыс болды.
Африкада маймыл шешек індеті 2022 жылда да тіркелген, ДДҰ халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. Ол кезде індет қазіргіге қарағанда қаупі төмен штаммнан туындаған болатын.
Ақпарат үшін, вирустың алғашқы белгілері 5-21 күнде пайда болады. Ол әдетте жоғары температураны, бас ауруын, арқа мен бұлшықеттердің ауырсынуын, лимфа түйіндерінің ісінуін, шаршауды, қалтырауды және сушешек тәрізді тері бөртпелерін тудырады. Арнайы емі жоқ, бірақ ауру вирусқа қарсы препараттармен емделеді. Көп жағдайда ауру жеңіл өтеді және науқастар бірнеше апта ішінде қалпына келеді.
ДДҰ нәсілшілдік пен кемсітушілікке байланысты 2022 жылы маймыл шешегінің атын M-pox деп өзгерткен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2024