Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Коронавирустың жаңа штаммы қауіп төндірді

kaz.365info.kz

Коронавирустың жаңа штаммы қауіп төндірді

Дәрігерлер соңғы уақытта Алматыда пневмониямен ауыратындар саны көбейгенін айтады. Тіпті, ауру ересектерден бұрын, балалардан көптеп анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, кәдімгі пневмонияда жөтел қысып, ентігіп және дене қызуы көтеріліп, 14 күннен соң анықталады. Ал қазір тарап жатқан ауруды жұқтырған жағдайда жоғарыда аталған симптомдарсыз, 3-4 күнде пневмонияға ұласып кетуі мүмкін екенін ескертеді. «Қазіргі пневмониялардың ерекше өту жағына қарайтын болсақ, қарқынды түрде бұрын бірнеше күн немесе 7-14 күннің ішінде инкубация мерзімі өтетін, қазір 3-4 күннің ішінде ауқымды полисегментарлы пневмонияны көріп отырмыз. Пневмония себептері: бактерия, вирус, зең. Егер жөтелмен немесе кез келген аурудың түрімен анықталынатын көрініс туса, дәрігерге қаралу керек. Өз бетінше емделмей, ем-дом жасауды доғару қажет», – дейді пульмонолог Айнұр Қабанбаева.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 желтоқсан 2024